KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 329,90 теңге

678

KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 329,90 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін қазақстан қор биржасында 26 желтоқсан АҚШ, Ұлыбритания және Германияда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, USDKZT_TOM, EURUSD_TOM, EURKZT_ТОМ, EURKZT_0_001 және USDKZT_0_001 құралдарымен  сауда-саттық өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 329,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 140 500 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен Т+0 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,4248 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,91 теңгені (-3,18)  құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 331 100 мың (+168 650 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_1_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +8,1836 % құрады, сауда-саттық көлемі 921 000 мың USD болды;

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу