Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа
сараланған бағамы 331,14 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 32 150 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі теңгемен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ
- есептесуі АҚШ долларымен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамыбір рібльге 5,5479 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 93 200 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,54 теңгені (-0,13 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 77 700 мың (+12 150 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +5,0000 % құрады, сауда-саттық көлемі 12 000 тыс. USD болды.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +7,3079 % құрады, сауда-саттық көлемі 631 100 тыс. USD болды.
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.