Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. 26 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания және Германияда мереке күні (Christmas Day) болғандықтан, USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, EURKZT_0_002 және USDKZT_0_002 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 332,37 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 91 000 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 347,10 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 650 мың еуроны құрады;
- есептесуі еуромен Т+1 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,4484 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 69 500 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,09 теңгені (-0,81 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 162 450 мың (+18 100 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_1_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +7,9063 % құрады, сауда-саттық көлемі 611 600 мың USD болды;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.