Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 340,43 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 37 650 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі АҚШ долларымен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2462 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,24 теңгені (+2,38 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 69 450 мың (-44 500 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_1_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +12,9302 % құрады, сауда-саттық көлемі 290 000 мың USD болды;
- USDKZT_1_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +12,2167 % құрады, сауда-саттық көлемі 30 000 тыс. USD болды
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.