KASE-нің күндізгі сессиясында доллардың құны 332,08 теңгеге тұрақтады

819

KASE-нің күндізгі сессиясында доллардың құны 332,08 теңгеге тұрақтады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM, EURUSD_TOM және USDKZT_0_001 қаржы құралдарының сауда-саттықтары  АҚШ-та 16 қаңтар мерекелік күні (Мартин Лютер Кинг күні) болуына байланысты өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 332,08 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –   44 050 мың АҚШ долларын құрады;

 

- есептесуі теңгемен Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ

- есептесуі АҚШ долларымен Т+0 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамыбір рібльге 5,6010 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 35 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,06 теңгені (+0,21 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 66 350 мың (+7 250 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,8666 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 360 400 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу