KASE-тің Мәскеу биржасына тиесілі үлесін кім сатып алуы мүмкін?

241

Қазіргі уақытта KASE Мәскеу биржасынан өз үлесін сатып алу үшін дайындықты бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

KASE-тің Мәскеу биржасына тиесілі үлесін кім сатып алуы мүмкін? Фото: kapital.kz

Қазіргі таңда екі тарап арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының төрағасы Алина Алдамберген мәлімдеді.

Өйткені, акционерлер арасында санкцияға ұшыраған тұлғалардың болуы Қазақстан қор биржасына қауіп төндіріп, кері әсерін тигізетін көрінеді.

Әсіресе, шетелдік қаржы ұйымдары мен серіктестердің қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін.

Дегенмен, Алина Алдамберген арадағы келіссөздің құпия өтетінін айтты. Әзірге сатып алу процесі нақты қашан басталатыны белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу