Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 26 желтоқсан АҚШ-та (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, USDKZT_TOM құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ. Аталмыш құралдар үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 27 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 328,18 (-3,91 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 190 600 мың АҚШ долларын (+119 150 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 342,70 теңгені, с ауда-саттық көлемі -100 мың еуроны құрады.
Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,1561 теңгені (-0,7264 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 2 450 мың юань (+1 350 мың юань) болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.