KASE-нің таңғы сессиясы: 1 доллардың құны – 332,91 теңге

805

KASE-нің таңғы сессиясы: 1 доллардың құны – 332,91 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 (USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+1 теңгемен (EURKZT_TOМ) еуро бойынша және есептесуі T+1 еуромен АҚШ доллары

(EURUSD_TOМ) бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін Қазақстан қор биржасында 2016 жылдың 26 желтоқсанында АҚШ, Ұлыбритания және Германияда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, есептесуі Т+0 (EURUSD_TOD) теңгемен АҚШ доллары бойынша және есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойыншасауда-саттық

жүргізілген жоқ. Аталмыш құралдар үшін аталмыш сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,91 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 119 400 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.  Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+1 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,8650 теңгені (-0,7089 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 1 000 мың юань (1 450 мың юань) болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу