Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515-521 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 519,5 теңге. Еуро 538-541 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 515 теңге, сатып алу құны – 521 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18-5,28 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 5 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 516,06 теңге болған.