KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 338,45 теңге

900

KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 338,45 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа  сараланған бағамы 338,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 47 700  мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 (EURKZT_TOD)  еуроның орташа сараланған бағамы 376,40 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 мың еуроны құрады;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша  мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3338 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 90 600 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,35 теңгені (+0,69 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 135 850 мың (+11 300 мың USD).

 

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,2400 % құрады, сауда-саттық көлемі – 114 600 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1400 %  сауда-саттық көлемі 75 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу