KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 338,70 теңге

810

KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 338,70 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

Есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 338,70 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 36 950 мың АҚШ долларын құрады;

Есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,84 теңгені (+0,49 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 86 000 мың (-49 850 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,2400 %  құрады, сауда-саттық көлемі – 114 600 мың АҚШ долларын құрады;

USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1400 %  сауда-саттық көлемі 75 000 мың АҚШ долларын құрады;

EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу