Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 341,31 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 45 750 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 және Т+1 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3182 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 99 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 341,18 теңгені (+1,43) теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 119 300 мың (+44 250 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,9603 % құрады, сауда-саттық көлемі – 182 700 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 29 банк қатысты.