KASE-тің таңертеңгі сессиясы: 1 доллардың құны – 338,94 теңге

808

KASE-тің таңертеңгі сессиясы: 1 доллардың құны – 338,94 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. 

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,94 (+0,59 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 49 050 мың USD АҚШ долларын (-39 100 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,0866  (+0,1066 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 400 мың юань болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу