Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+1 теңгемен (EURKZT_TOМ) және есептесуі долларымен (EURUSD_TOМ) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), есептесуі АҚШ долларымен Т+0 (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда-саттықтар, АҚШ-та 11 қараша мереке күні (Ардагерлер күні) болуына байланысты, өткізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 26 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339, 60 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 101 100 мың АҚШ доллары болды.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 49,7993 (+0,0368 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 950 (+150) мың юань.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.