KASE төрағасының орынбасары Андрей Цалюк мерзімінен бұрын қызметінен кетті

286

KASE баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімді Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесі қабылдады.  

KASE төрағасының орынбасары Андрей Цалюк мерзімінен бұрын қызметінен кетті Фото: Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) шешімімен 2024 жылдың 13 қаңтарынан бастап Цалюк Андрей Юрьевичтің KASE Басқарма Төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігі оның бастамасы бойынша зейнеттік демалысқа шығуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылады.

А. Ю. Цалюк 2007 жылдың 15 қазанынан бастап KASE Вице-президенті болып сайланды және KASE Басқармасының құрамына енгізілді. Әр жылдары ол ақпараттық-талдау блогын, қадағалау қызметін және тәуекелдерді басқаруды қадағалады. Ол өз қызметін Қазақстан қор биржасында KASE ақпараттық-талдау блогының басшысы ретінде бастады. 

Оның басшылығымен бұл бағыт қалыптасу және даму кезеңдерінен өтті. KASE ақпараттық ресурстары мен өнімдері қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін қаржы құралдары мен биржалық нарықтар туралы ақпараттың негізгі көзіне айналды.

Кейінірек А. Ю. Цалюк басшылығымен АЖ/ТҚҚ және айла-шарғы жасау саласында биржалық қаржылық мониторинг бағыты қалыптасты.

А. Ю. Цалюк биржалық нарықтың жетекші сарапшыларының бірі.

Қор нарығын дамытуға бағытталған елеулі еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Директорлар кеңесі А. Ю. Цалюкке қор нарығын дамытуға және KASE қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу