KASE валюта саудасын жүргізудің тәртібін өзгертті

512

 Енді ұлттық валютаның курсы 3 рет: сағат күндізгі 11 мен 15.30-да және кешкі 5 те хабарланады.

KASE валюта саудасын жүргізудің тәртібін өзгертті

Қазақстан қор биржасы валюта саудасын жүргізудің тәртібін өзгертті. Енді сауда-саттық, әдеттегідей, 15.30-да емес, 17.00-де жабылады. 

Сонымен қатар күндізгі сессиялар біріктіріліп, екеуінің арасында үзіліс болмайды. Ал саудаласу, бұрынғыша, таңғы 10.15-те ашылады. Жекелеген валюталар бойынша арнайы кесте жасалған. Ол биржа мен корреспондент-банктердің сессия қорытындыларына сай келетін есеп айырысу мүмкіндігіне негізделіпті.

Тағы бір өзгеріс теңге бағамының жариялануына қатысты. Енді ұлттық валютаның курсы 3 рет, яғни сағат күндізгі 11 мен 15.30-да және кешкі 5 те хабарланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу