Касем Сулейманиді жерлеу рәсімінде 56 адам қаза тапты

973

Осы жағдайдан кейін оны жерлеу кейінге шегерілді. 

Касем Сулейманиді жерлеу рәсімінде 56 адам қаза тапты

Al Jazeera басылымының дерегіне сүйенсек, 56 адам ажал құшып, 200-ден астам кісі түрлі деңгейде жарақат алды. Айта кететін жайт, генерал Касем Сулеймани туып-өскен Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман қаласына жүздеген мың кісі келіпті. 

Жерлеу рәсіміні ұйымдастыру жөніндегі комитеттің өкілі Мехди Садафидің айтуынша, халықтың шамадан тыс жиналуының кесірінен рәсім кейінге шегеріліп отыр. Бірақ оның қай уақытта өтетіні жақын күндері жарияланады. 

Сейсенбі күні Иранның бірқатар қаласында қаза тапқан генералды еске алу шаралары өтті, сондай-ақ АҚШ-тың әрекетіне қарсы ереуілдер басталды. Көшеге шыққандар Сулейманидің портреттерін көтеріп, Құрама Штаттар мен Израильдің саясатына қарсы ұрандар тастаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу