Министрлік Қашаған жобасына қатысты 2,3 трлн теңге айыппұл мәселесі әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Сот нұсқаманы рәсімдік себеппен жойған, ал компанияның экологиялық жауапкершілігі сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс нормаларына сай NCOC-қа күкіртті рұқсатсыз артық орналастырғаны үшін 2,3 трлн теңге айыппұл салынған. Компания бұл қаулыға Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне шағым түсірген. Қазір шағымдар комитетте қаралып жатыр.
Соттың ескертуінен кейін Атырау облыстық департаменті рәсімдік кемшіліктерді түзетіп, істі кассацияға жіберді. Министрлік даудың рәсімдік бөлігі қайта қаралып жатқанымен, экологиялық заңбұзушылыққа қатысты талаптың күшінде қалатынын атап өтті.