Қашаған ескерткішін жөндеуге шамамен 25 миллион теңгеге бөлінбек

990

Жергілікті билік жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталады деп отыр. 

Қашаған ескерткішін жөндеуге шамамен 25 миллион теңгеге бөлінбек

Бұл туралы Атырау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев мәлім етті.  

Қашаған Күрімжанұлына арналған ескерткішті жөндеу жұмыстары келер жылдың көктемінде басталады деп жоспарланып отыр.  

Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына қажет есептеулер жасалған.

"Ақын ескерткішін жөндеуге шамамен 20-25 млн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Қыста тендер өткізбекшіміз. Содан кейін көктемде жөндеу жұмысы басталады. Керомогранитті толық ауыстыру көзделіп отыр", – деп атап кетті ол.
Еске салар болсақ, биыл қаланы абаттандыру жұмысымен "Алаш Констракшн" ЖШС айналысады.

Осыған дейін қала тұрғындары ақын ескерткішінің сұрқы қашқанына бірнеше рет шағымданған болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу