Қашаған кен орнында мұнай өндірісі уақытша тоқтатылады

2002

NCOC компаниясы жер үстіндегі "Болашақ" зауытында және жасанды D аралында жабдықтардың күрделі жөндеуіне кіріседі.

Қашаған кен орнында мұнай өндірісі уақытша тоқтатылады

Атырау облысындағы Қашаған теңіз кен орнында мұнай өндірісі 45 күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осы айда Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылады. NCOC компаниясы жер үстіндегі "Болашақ" зауытында және жасанды D аралында жабдықтардың күрделі жөндеуіне кіріседі. Дайындық шаралары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының жоспарлы ұзақтығы – 45 күн. Оған NCOC-тың және серіктес-мердігерлердің 5 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылатын болады", – деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Қазақстандағы ең ірі кен орын – Қашағанда 2018 жылдың нәтижесі бойынша мұнай өндірісі 1,6 есе ұлғайды. ҚР Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, өндіріс көлемі жоспарланған 11 млн тоннадан 13,22 млн тоннаға артты. 2017 жылы мұнай өндірісі 8,3 млн тоннаны құраған болатын. Қашаған әлемдегі ең ірі мұнай кеніштерінің бірі болып танылған. Оның жалпы мұнай қоры 38 млрд баррельді құрайды. Табиғи газ қоры – 1 трлн текше метрден астам.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу