Қашаған кен орнында жұмысшы қаза тапты

Қызметкердің қазасын NCOC компаниясы растады. 

Қашаған кен орнында жұмысшы қаза тапты Фото: ncoc.kz

Қашаған кенішіндегі аралдардың бірінде жұмысшы қаза тапты. Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, оқиға 9 ақпан жасанды аралда болған.

Бұл ретте NCOC ақпаратты растады, бірақ қызметкердің өлімі өндіріске еш қатысы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

"Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкерінің өлімі кенеттен болды. Өлімнің себебі өндіріске еш қатысы жоқ. NCOC компаниясы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетілді", - деп мәлімдеді NCOC.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу