"Қашаған" кен орнында жылына 700 млн текше метр сұйытылған газ өндіре алатын зауыт салу талқыланды

451

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қашаған" кен орнында жылына 700 млн текше метр сұйытылған газ өндіре алатын зауыт салу талқыланды Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Қатысушылар республиканың көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жалпы ұзындығы 270 км "Бақты-Аягөз" теміржолының құрылысын, сондай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқылады. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әртараптандырылған орталықты "G4 City" жобасын іске асыру аясында ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар отырыста "Қашаған" кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр сұйытылған газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу