"Қашаған" кен орнының нысандарында техникалық жұмыстар басталды

200

Бұл жұмыс 1 айға созылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қашаған" кен орнының нысандарында техникалық жұмыстар басталды Фото: kapital.kz

Солтүстік Каспий жобасының Операторы – "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясы теңіздегі және құрлықтағы нысандарда жоспарланған техникалық қызмет көрсету жұмыстарының басталғаны туралы хабарлады.

"NCOC компаниясы 7 қазанда "Қашаған" кен орнының теңіздегі және құрлықтағы нысандарында жоспарланған техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бастады. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары өндірістік жүйенің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сенімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар мен жобаларды іске асыру мақсатында жүзеге асырылады. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары жоспар бойынша бір айға созылады", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"Қашаған" кен орны соңғы ондаған жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады.

Кен орнының өндірілетін қоры 9-13 млрд баррель мұнай аралығында деп бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу