Қашаған кенішінде өндірілген мұнай 3 млн тоннаға жетті

740

Қашаған кенішінде өндірілген мұнай 3 млн тоннаға жетті

Қашаған кенішінде өндірілген мұнай үш миллион тоннаға жетті. Жыл соңына дейін кен орнынан 8 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр. Еске сала кетсек, кен орнындағы мұнай өндіру былтыр қыркүйек айында қайта қолға алынды. Қазіргі уақытта өндіру көлемі тәулігіне 200 мың баррель. Бірінші миллион тонна мұнай өндіруге қаңтар айында қол жеткізілді. Екінші миллион Наурыз мерекесі қарсаңында тіркелді. Қашағанды игерудің бірінші кезеңінде ілеспе күкірт газын жерасты қыртыстарына қайта құюды бастау көзделген. Бұдан кейін теңіз мұнайын өндіру тәулігіне 370 мың баррель болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу