Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелері талқыланды

469

Әлихан Смайылов пен North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазар, сондай-ақ Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялардың басшылары кездесті. 

Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелері талқыланды Фото: afk.kz

Кеңеске қатысушылар Қазақстанның экологиялық заңнамасының нормаларын сақтау, ағымдағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қашаған кен орнының болашақ кеңейту жобаларын іске асыру және өндіріс деңгейін ұлғайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, атап айтқанда, газ өңдеу зауыттарын салу мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр консорциум компаниялары Қазақстанда жұмыс істеген жылдары көптеген экономикалық және әлеуметтік міндетті шешуге қатысып, тиімді серіктестер ретінде танылғанын атап өтті.

"Үкімет Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына және одан әрі игерілуіне ерекше назар аударады. Бұл – стратегиялық актив, сондықтан Қашаған кен орнының болашақ даму жобаларын уақытылы іске асыру біз үшін маңызды", — деді Әлихан Смайылов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлесіп жұмыс істеу және көзделген жоспарларға қол жеткізу аясында сындарлы диалогқа дайын екендерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу