Қашаған кен орнының мұнайы Қаспий Құбыр Консорциумы жүйесіне құйыла бастады.
2016 жылы Консорциум 1 млн тонна Қашаған мұнайын айдайды деп күтілуде. Ал келесі 2017 жылы бұл көрсеткіш 12 млн тоннаға жетуі ықтимал.
"Қазір біз тәулігіне 10 мың тоннаға дейін мұнай қабылдаймыз, алдағы уақытта оның мөлшері арта түседі. Құбыр желісін кеңейту бойынша жасалған уақытылы шаралар бұдан әрі де акционерлердің сұраныстарына жауап береді деп сенеміз", - деді Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань.
ҚазАқпарат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу