Қашаған кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай экспортқа жөнелтілді, деп хабарлады North Caspian Operating Company (NCOC) жобасы операторының БАҚ-пен байланыс бөліміне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан".
"8 қаңтарда Қашаған кен орнынан қауіпсіз өндіру және экспорттау көлемі бір миллион тонна мұнай мен конденсатты құрады", – деп атап өтті компания.
Өндіріс 2016 жылдың қыркүйегінде басталды және бүгінгі таңда оның қарқыны тәулігіне 180 мың баррельге дейін өсті.
"Ілеспе газды кері айдау мен оңтайландыру жүргізілген соң өндіру көлемін тәулігіне 370 мың баррельге жеткізу көзделген", – деп атап өтті БАҚ-пен байланыс бөлімі.
Бұған дейін хабарланғандай, Қашағаннан өнімді экспорттау жоспарында жұмыс істеп тұрған құбыржелілері мен теміржол жүйесін пайдалану қарастырылған.