Қашаған операторы Экология министрлігінің арызына қатысты түсініктеме берді

545

Bloomberg басылымы Қазақстан Үкіметі  аталған компанияға 5,1 млрд доллар көлемінде айыппұл салуды сұрап, сотқа талап арыз түсіргенін хабарлаған еді. 

Қашаған операторы Экология министрлігінің арызына қатысты түсініктеме берді Фото: NCOC

Қашаған кен орнының операторы Экология министрлігінің сотқа берген арызына қатысты түсініктеме берді. Консорциумның басқарушы директоры Оливье Лазар екі тараптың арасында өзара келіспеушілік барын растады. Бірақ, мәселенің мән-жайын жарияламады.

Еске сала кетейік, Экология министрлігі North Caspian Operatingкомпаниясын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл төлесін деп сотқа жүгінген. Нақты айтқанда, кен орнында күкіртті көп мөлшерде сақтау фактісі себеп болған. Ал, бұған дейін, Bloomberg басылымы Қазақстан Үкіметі  аталған компанияға 5,1 млрд доллар көлемінде айыппұл салуды сұрап, сотқа талап арыз түсіргенін хабарлаған еді. 

"Қазіргі уақытта мен бұл туралы әзірге ештеңе айта алмаймын, біз экологиялық талаптарды қатаң ұстанамыз. Қазіргі уақытта Экология министрлігімен арада біраз келіспеушіліктер бар. Алайда,  біз істеп жатқан ісіміздің дұрыстығына толық сенімдіміз", - дейді NCOC басқарушы директорыОливье Лазар.

Айта кетейік, ел Үкіметі халықаралық арбитражға Қашаған мен Қарашығанақ кеніштері басшылығы үстінен 16,5 миллиард долларға шағым түсірген. Ал, бұл кен орындарының басшылығы бүгін бұл жайт бойынша түсініктеме беруден бас тартты. Күні кеше журналистердің сауалына жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл арыз Қазақстан халқының мүддесі үшін берілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу