Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту есебінен мұнай өндірісі 100 млн тоннадан асады

Ауыл шаруашылығының орташа жылдық өсімі 4,5 пайызды құрайды. 

Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту есебінен мұнай өндірісі 100 млн тоннадан асады Фото: mcc.kz

Бұл туралы Сенат отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, экономиканың барлық базалық салаларында оң динамика күтілуде. Шикізаттық емес сектор болжамды өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады.

"Өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны 2024-2028 жылдары 4 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсібі орта есеппен 4,9 пайыз деңгейінде өседі және тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқынынан озып кетеді. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында өндірісті кеңейту есебінен мұнай өндіру 100 млн тоннадан асады", – деді министр.

Бұл ретте ведомство басшысы ауыл шаруашылығының орташа жылдық өсімі 4,5 пайызды құрайтынын атап өтті.

Оның пайымынша, инвестицияларды игеру жағдайында құрылыс саласының жоғары өсу қарқыны күтілуде.

Нақты сектордағы өндірістің өсуі қызмет көрсету секторының орта есеппен 6,3 пайызға өсуіне ықпал етеді.

"Ішкі тұтынушылық белсенділік сауда қызметтерінің орта есеппен 7,4 пайызға өсуіне ықпал ететін болады.

Көлік саласындағы болжамды өсім орта есеппен 6 пайызды, "ақпарат және байланыс" саласында 7,8 пайызды құрайды. Салаларда экономикалық белсенділікті арттыруға инвестициялық жобаларды іске асыру, нақты сектор мен шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар 
ықпал етеді", – деді Әлібек Қуантыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу