Қашаған жобасының ресми ашылу салтанаты 7 желтоқсанда өтеді

1214

Қашаған жобасының ресми ашылу салтанаты 7 желтоқсанда өтеді

Қашаған жобасының ресми ашылу салтанаты 7 желтоқсанда өтеді, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Казахстан" энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Қашаған жобасы 1 қарашадан бастап коммерциялық өндіру деңгейіне көшті (өндіру деңгейі тәулігіне 75 мың баррельден асады). 19 қарашадағы жағдай бойынша Қашағанда 450 мың тоннадан астам мұнай өндірілген. 31 желтоқсанға дейін 1 млн  100 мың тонна мұнай өндіру көзделіп отыр, деп мәлімдеді осыған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Солтүстік Каспий консорциумы 28 қыркүйекте Қашаған кен орнындағы теңіздегі және жерүсті кешеніндегі қондырғыларды іске қосып-реттеуге және сынақтан өткізуге кірісті. 14 қазанда Қазақстан Қашағаннан мұнай экспорттауды бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу