Қашағанда 479 мың тонна мұнай өндірілді

864

Қашағанда 479 мың тонна мұнай өндірілді

Қыркүйек айында мұнай өндірісі қайта іске қосылған Атырау облысындағы Қашаған кен орнынан 25 қарашада өндірілген тауар шикізатының көлемі 479 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Кен орнынан тек қана тауарлық мұнай емес, сонымен қатар газ өндірілуде. Қазіргі таңда өндірілген тауарлық газдың көлемі 97 млн текше метрді құрады. Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде", – деп мәлімдеді "Норт Каспиан Оперейтинг Б.В." компаниясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі мәлім еткендей, 2017 жылы Қашаған кен орнынан 4-тен 8 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарлануда. Мұнай өндіру "шыңына" жеткесін, алдыда оны тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін шығару міндеті тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу