Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі биылғы қаңтар-шілде аралығында 7,2 млн тоннаны құрады. Ал елдегі ең ірі 3 кеніште барлығы 31,6 млн тонна өндірілген. Оның 17,5 млн-ы – Теңізде, тағы 6,9 млн тоннасы – Қарашығанақта. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,3 пайызға кем.
Биылға бекітілген жоспар қара алтын мен конденсат бойынша – 89 млн тонна. Ол да 2018 жылғыдан азырақ. Мұны энергетика министрі Қанат Бозымбаев ірі кеніштердегі ауқымды жөндеу жұмыстарымен байланысты деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу