ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қашағандағы мұнай өндіру көлемі коммерциялық деңгейге жетті, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. "Қыркүйектің 28-і күні Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмысын қайта бастаған болатынбыз. Қазанның 14-інде ҚазТрансОйл мен КТК құбырына алғашқы тауарлық мұнай жіберілді. Сондай-ақ Интергаз – Орталық Азия құбырына тауарлық газдың бірінші партиясы құйылды. Ал қарашанның 1-і күні Қашаған мұнай өндірудің коммерциялық деңгейіне шығып, тәулігіне 70 мыңнан астам баррель шикізатты өндіре бастады. Қарашаның 17-сі күні кен орнының операторы осы ақпаратты растады. Сондықтан бүгін Кашаған кен орнындағы мұнайды коммерциялық мақсатта өндіру жұмысы қарашаның 1-інде басталды деп ресми түрде мәлімдеуге болады", – деді Қ.Бозымбаев бүгін Парламентте мұнай-газ саласын дамытуға арналған Үкімет сағатында.
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы екі жылда мұнайдың әлемдік бағасы 69 долларға дейін көтеріледі деген болжам бар. Ал Қазақстанда мұнай өндіру көлемін арттыру жоспарланып отыр. Келесі жылы елімізде өндірілетін "қара алтынның" жалпы көлемі 80 млн тоннаға жетсе, 2030 жылда аталған көрсеткіш 202 млн-ға дейін көтерілуі тиіс.