Қашағанда жыл соңына дейін 370 мың баррель мұнай өндіріледі

580

Қашағанда жыл соңына дейін 370 мың баррель мұнай өндіріледі

Коммерциялық өндіріс 2016 жылдың 1 қарашасында басталды. Теңіз және жерүсті кешендерінде жабдықты пайдалануға енгізу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Өндіріс қайта жаңартылғалы 2 млн тоннадан астам мұнай және 1 млрд м3-тан астам газ өндірілді. 2017 жылы мұнай өндірісін тәулігіне 370 мың баррельге дейін ұлғайту үшін газды кері айдаудың екі компрессорын іске қосу жоспарланып отыр.

Мұнай өндірісін одан әрі ұлғайту үшін газды кері айдау қуатын кеңейту жобасы іске асырылады. Қазір жобаның оңтайлы тұжырымдамасын таңдау жұмысы орындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу