Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жылдамдату тапсырылды

198

Қуаты 1 млрд м3 газ өңдеуге жететі зауыттың құрылысын QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов тексерді.    

Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жылдамдату тапсырылды Фото: QazaqGaz ҰК баспасөз қызметі

Жоба толық жүзеге асқанда тауарлық газдың ресурстық базасы жылына 727 млн м3, газ моторлы отын және органикалық синтез үшін шикізат жылына 115,5 мың тн, мұнай-химия өндірісі үшін газ композиті жылына 17 мың тоннаға және түйіршіктелген күкірт көлемі жылына  218,5 мың тоннаға артады деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты QazaqGaz ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта нысандағы барысын жеделдету, атап айтсақ, металл конструкцияларын жасау, сапаны бақылау үшін қосымша мамандарды тарту, қажетті материалдарды уақтылы жеткізу басты орында тұр. Бас мердігер – Kazakh Construction Group серіктестігі.

Бүгінде құрылыс алаңына 1 600 адам және 277 дана техника жұмылдырылған. Бетон құю, металл конструкциялары мен эстакадаларды монтаждау, резервуарларды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысшылар үшін қауіпсіздік аудиттері мен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады. 

 Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:

  •  Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары – 41 476 м³ (жоспар 72 447 м³), прогресс 57,2%.
  •  Металл конструкцияларының монтажы – 2 357 тонна (жоспар 19 830 тонна), прогресс 11,9%.
  •  Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 2 545 тонна (жоспар 9 149 тонна), прогресс 27,8%.
  •  Резервуарларды монтаждау – 379 тонна (жоспар 2 705 тонна) прогресс 14%.
  •  Жерасты құбырларының монтажы – 13 911 м (жоспар 56 447 м) прогресс 24,6%.

Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүріп жатыр, жұмыс барысын Энергетика министрлігі де бақылайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу