Қазақстандық "Taraz" танкері Қашаған мұнайымен Ақтау портынан Бакуге жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жеткізу "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының Мемлекет басшысының отандық көмірсутектер экспортының баламалы бағыттарын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ары қарай мұнай Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) құбыр жүйесі арқылы Жерорта теңізіне дейін тасымалданады. Экспорттаушы – "ҚМГ Қашаған Б.В".
Бұл қадам Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға ықпал етеді. 2022 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында қазақстандық мұнай транзиті туралы Бас келісімге қол қойылған болатын.
2024 жылғы наурызда ҚМГ мен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды. Құжатта жеткізу көлемінің жылына 2,2 млн тоннаға дейін артуы көзделген.
"ҚМГ Қашаған Б.В." – Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімдегі (ӨБК) қазақстандық қатысу үлесін басқаратын "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес ұйымы. Келісімдегі компанияның үлесі 16,88% құрайды.
Ол ҚМГ-ның ӨБК мүдделерін білдіреді және Солтүстік Каспий жобасы (СКЖ) шеңберінде Каспий теңізінде көмірсутек ресурстарын барлау және өндіру бойынша мұнай операцияларын жүргізуге қатысады.