"Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?"

821

Президент дәрі импорты мәселесіне назар аударды.    

"Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?"

Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.  

"Індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажет. Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек. Себебі бұл – түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. 

"Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?" – деді Мемлекет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу