Қашқын президент қайтыс болды

1140

Тунистегі төңкерістен кейін Сауд Арабиясына бас сауғалап қашқан аты-шулы Зейін Бин Әли бақилық болды.

Қашқын президент қайтыс болды

Тунистің бұрынғы президенті 83 жасында қатерлі ісіктен көз жұмды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Зейін Бин Әли сегіз жыл бұрынғы "Араб көктемі", яғни араб елдерінде жалғасқан төңкерістен Сауд Арабиясындағы Джидда қаласына бас сауғалаған болатын. Тунистің тақта ең ұзақ отырған басшысы өмірінің соңғы жылында қуықтың қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Зейін Бин Әли 75 жасына дейін Тунисті басқарған. 23 жыл бойы тақта отырған басшы 5 рет президент сайлауына түсіп, 99 пайыздан кем дауыс жинап көрген жоқ. Бірақ сол 99 пайыз қолдау 2011-ші жылғы төңкеріс кезінде көмектесе алған жоқ. Диктатор алыстағы Арабияда өлгенде Тунистен бірде-бір көңіл айтқан жан табылмапты. Әйелі мен қайын жұртының қалтасын ғана күйттеді деп айыпталған Бин Әли ел басқарған тұста Тунистің екі жылдық бюджетін, яғни 20 миллиардтан астам долларды шетел асырып үлгерген.
Қашқын президент айтыс болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу