Кашмир билігі ұлан-асыр той жасауға тыйым салды

1005

Кашмир билігі ұлан-асыр той жасауға тыйым салды

Сәуір айынан бастап Үндістанның Джамму және Кашмир штаттарында аста-төк тойларды өткізуге тыйым салынатын болады. Қалыңдықтың ата-анасы 500  қонақ, күйеу жігіттің ата-анасы 400 адамнан артық шақырмауы керек деп жазады Би-би-си.

Сонымен бірге үйлену тойының дастарханында негізгі жеті тағам ғана берілетін болады.

Сондай-ақ аймақтық парламент мүшесінің бірі бұл тыйым салуды Үндістанның барлық жеріне тарату керек деген ұсыныс жасады.

Бұл өкімді қабылдауға азаматтардың той салтанындағы үлкен шу мен қалдықтың көп қалатындығына шағымы себеп болған.

Жергілікті билік мұндай тыйымды 1984 жылы енгізген болатын, алайда көпшіліктің қарсы болуына байланысты бұл тыйым заңды күшіне енбеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу