Кашмирде төрт пәкістандық сарбаз қаза тапты

1404

Үндістан шекарасы маңында орналасқан Кашмир ауданындағы қақтығыстан 4 пәкістандық сарбаз қаза тапты. 

Кашмирде төрт пәкістандық сарбаз қаза тапты

Ресми Исламабадтың айтуынша, Үндістан әскерінің бес жауынгері ажал құшқан. Бірақ Нью-Дели бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. 

Джамму және Кашмир штаттары халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайды. Қазір ол жерде сепаратистер аймақтың егемендігін немесе Пәкістанға қосылуын талап етуде. Нью-Дели болса, Пәкістанды қарулы сепаратистерге қолдау көрсеткен деп айыптап отыр. Өз кезегінде Исламабад тағылған кінәні мойындаудан бас тартып, Кашмир тұрғындарының өз еріктерімен құқықтары үшін күресіп жатқанын айтты. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу