"Қашықтан емдейтін емшіге" алданғандар іздестірілуде

685

Әзірге 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденгені белгілі болып отыр.

"Қашықтан емдейтін емшіге" алданғандар іздестірілуде

Түркістан облысында сегіз миллионнан астам теңгені алаяқтық жолмен иемденген интернет-қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол әлеуметтік желілерде телефон арқылы емдеймін деп уәде берген бір әйелмен танысқан. Содан алаяқтың сөзіне сенген тұрғын 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында оның есепшотына сегіз миллионнан астам ақшасын аударып жіберіп, сан соғып қалған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-не 190-бап "Алаяқтық" бойынша тіркеді. Қылмыстың ауырлығы мен ашықтан-ашық қорықпай жасалғанын ескере отырып, полицияда осы алаяқтық қылмысын ашуға бағытталған ТО ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бір ай ішінде жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсу үшін болған оқиғаны мұқият зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Ақмола облысының тұрғыны екені анықталды.

Тергеу барысында күдікті әлеуметтік желі арқылы өзінің парақшасына "қашықтан адам емдеймін, бас-жүрек, бүйрек ауруларын емдеймін" деген мәтінде хабарландыру жазғаны белгілі болды.

Жәбірленуші алаяқпен ұялы телефон арқылы байланысып, әрбір сеансына 500 000, 800 000 теңгеден ақша салып отырған. Осылайша күдікті қыз жәбірленушіден 8 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған жайт "Алаяқтық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексереді. Күдіктінің басқа да істерге қатысытылығын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу