Қашықтан оқу жалғаса береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

1330

"Карантин режимін жеңілдету – үйреншікті өмірге қайта оралу емес".

Қашықтан оқу жалғаса береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Ел Президенті кезекті мәлімдемесінде карантиндік шектеулер біртіндеп алынғанымен, ондай жеңілдіктердің әзірге халық көп жиналатын орындарға қатысы жоқ екенін айтты.

"Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн. Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді", – деген мемлекет басшысы қазақстандықтарды жағдайға түсіністікпен қарауға шақыды. 

"Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін. Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті, кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды", – деді Президент.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу