Қашықтан жұмыс істеудің қаупі қандай?

966

Қызметкерлердің тек 37%-ы ғана кеңседе жұмыс істеуге дайын.

Қашықтан жұмыс істеудің қаупі қандай?

Қызметкерлері пандемияға байланысты қашықтан жұмыс істейтін көптеген жұмыс берушілер көп ұзамай үлкен проблемаларға тап болуы мүмкін. Басты қауіп – үйден кеңсеге оралуға мәжбүр болған кезде басшылық пен қызметкерлер арасында түсініспеушілік не жанжал басталуы ықтимал, деп хабарлайды Inbusiness.kz Business Insider дерегіне сілтеме жасап.

Сауалнамаларға сәйкес, басшылардың жартысынан көбі қызметкерлердің аптасына төрт-бес күн кеңседе жұмыс істегенін қалайды. Ал қызметкерлердің тек 37%-ы ғана кеңседе жұмыс істеуге дайын. Олар қашықтан жұмыс істеу режимінен  офлайнға оралғаннан кейін, басшыларымен шиеленіс орнауы мүмкін.

Қашықтан жұмыс істеу арқылы көптеген қызметкерлер жұмыс пен жеке өмір арасындағы үйлесімділікке қол жеткізіп, бос уақыттарын тиімді өткізе бастады. Енді мұндай жаңа әдеттерге қауіп төнуі мүмкі. Business Insider зерттеушілерінің ойынша, бұрынғы өмір салтына оралуды күтпей, менеджерлер қазіргі жағдайға бейімделуі керек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу