Қашықтықтан білім алуды ұйымдастыру бойынша тегін психологиялық кеңес алуға болады

623

Көмек covid-19.mentalcenter.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. 

Қашықтықтан білім алуды ұйымдастыру бойынша тегін психологиялық кеңес алуға болады

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында ЮНИСЕФ ұлттық тренері және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының педагог-психологы Жұлдыз Махатаева балаларға білім беруді ұйымдастыру шараларын түсіндірді.

"Балаға білім беруді ұйымдастыру кезінде оның көңіл күйіне ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар бұл ата-анаға да оңай емес. Сондықтан әр қалаған адам  covid-19.mentalcenter.kz сайты арқылы білікті психологтардың көмегіне жүгіне алады. Карантин кезінде жүздеген адам осы жүйе бойынша психологтардан кеңес алды",  деген маман қашықтықтан білім беруге бейімделу оқушының өзі үшін аса пайдалы екенін ескертті. 

"Әр ата-ана қашықтықтан оқу балаға пайдалы екенін жақсы түсінуі керек. Ғалымдар қазіргі заман жастары мобильді, компьютерлік технологияларға жақын болып өсетінін зерттеген. Нәтижесінде ғаламтор арқылы олар бірнеше мамандықты қатар игере алады, барлық әлемге ашық болады. Осыны ата-ана да, бала да жақсы түсінуі керек", – деді Жұлдыз Махатаева.

 Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу