"Жұмыс орындарына, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу арқасында көптеген елдерде технологиялық серпіліс жасалды. Оңтүстік Кореяның тәжірибесі 1973 жылы "Ұлттық техникалық біліктілік жүйесі туралы" Заңның қабылдануы нәтижесінде ЖІӨ-нің 100 еседен астам өсуіне қол жеткізілгенін көрсетеді. Осыған ұқсас, Қазақстанда "Кәсіби біліктілік туралы" заң әзірленетін болады", – деді ол.
Ералы Тоғжанов еңбек нарығына арналған 589 кәсіптік стандарт әзірленіп, қолданылып жатқанын айтып өтті.