Қазақстандық кәсіби боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев қатарынан бесінші жеңісіне жетті. Жекпе-жек туралы толығырақ ақпаратты спортшының жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын 26 жастағы қазақстандықтың қарсыласы танзаниялық 25 жастағы Кулва Бушири болды. Ресейлік Владимирде болған жепе-жек бірінші раундта техникалық нокауттан кейін аяқталды.
"Раунд басында қарсыласы бірнеше ауыр соққыны жіберіп алды. Нәтижесінде оның қабағы жарылып кетті. Ал Нұрсұлтан оны одан ары ұра бастады... Сөйтіп рефери араласып, жекпе-жекті тоқтатты. Мен бұл раундтың екі-үш-бес раундқа созылуын қалар едім. Бірақ жағдай осылай, техникалық нокаут болды. Енді келесі жекпе-жектің қамын ойлаймыз. WBC ұйымы өкілдері келісімін берсе, болашақта бос белбеу үшін күресеміз". - деді жаттықтырушы.
Мұсахановтың айтуынша, Жаңабаев келесі жекпе-жегін 23 желтоқсанда Мәскеуде немесе Канадада өткізеді.
Айта кетелік, 26 жастағы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіби бокстағы жолын 2016 жылы қазанда бастады. Жекпе-жегін екі рет Қытайда, Қазақстан мен Ресейде өткізген. Барлық кездесуде қазақстандық жеңіске жеткен.