Кәсіби гид аудармашылар дайын болды

993

Кәсіби гид аудармашылар дайын болды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында Астана қаласының әкімдігінің қолға алуымен "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС елордаға келетін шетелдік меймандарға қызмет көрсету үшін гид-аудармашыларды екі айлық курстан өткізді деп, хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Астанада жан-жақты оқытылып, дайындалған гид-аудармашылардың саны 100 адам.

Олардың барлығы ағылшын, неміс, түрік, француз, чех және жапон тілдерін жетік меңгерген.

Әр қатысушы Қазақстан Республикасының тарихы, қоршаған ортасы, мәдениеті, экономикасы бойынша алған теориялық білімдерін жазбаша тестілеу арқылы анықтады. Сонымен қатар берілген бағыт бойынша виртуалды экскурсия жүргізу арқылы тәжірибелерін шыңдап, емтихан соңында сертификаттар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу