"Болашақ педагогтерді дайындау сапасын арттыру үшін салалық біліктілік шеңберін және "Педагог" кәсіби стандартын бүгінгі заман талаптарына сай өзгертеміз", – деді ол.
Оның айтуынша, біліктілікті арттыру курстары енді педагогтер үшін 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізілетін болады. Тиісті заң жобасы парламентте қарастырылып жатыр.
Педагогтердің курстарының мазмұны да айтарлықтай өзгереді.
Педагогтерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау процестерін автоматтандыру жоспарлануда, EduKyzmet бірыңғай ақпараттық жүйесінде мұғалімнің жеке кабинеті, портфолиосы ашық түрде жиналады. Бұл жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін өте маңызды.