Кәсіби спортқа бөлінетін 16 млрд теңге үнемделеді – вице-министр

1076

Үнемделген қаржы бұқаралық және балалар спортын дамытуға жұмсалады.

Кәсіби спортқа бөлінетін 16 млрд теңге үнемделеді – вице-министр

Елімізде кәсіби спортқа бөлінетін 16 млрд теңге үнемделеді. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-винистрі Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің орынбасары бұқаралық және балалар-жасөпірімдер спорты қалай дамитынын түсіндірді. Оның айтуынша, бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор есебінен спортшының, жаттықтырушының және клуб басшысының ең жоғары рұқсат етілген жалақы мөлшері 2 млн теңгеден аспауы керек.

"Кәсіби спорт клубтарын ұстауға мемлекеттік бюджет пен квазимемлекеттік сектордан бөлінетін қаржының ең жоғары сомасы мөлшерінде белгіленуі шарт:
Футбол және шайбалы хоккей үшін 1,2 млрд теңге артық емес. Қалған ойын түрлеріне 450 млн теңгеден артық емес", - деді Ерлан Қожағапанов Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен отырыста. 

Вице-министр еліміздегі 98 кәсіби клубтың жалпы қаржыландыру мөлшері 38,7 млрд теңге екенін жеткізді. Ол жоғарыдағы жоспар жүзеге асырылса, қомақты қаражат үнемделеді деген пікірде.

"Алдын ала есептеу бойынша 16 млрд теңге үнемделеді. Бұл қаржы 
бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға бөлінеді", - деп түйіндеді сөзін министрдің орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу