Кәсіби спортшы блогер Әсел Асқарды соққыға жыққан: Полиция пікір білдірді

1329

Күдікті ретінде 27 жастағы ер адам анықталды.

Кәсіби спортшы блогер Әсел Асқарды соққыға жыққан: Полиция пікір білдірді Фото: instagram.com/assel.askar

Алматыдағы фитнес орталықтардың бірінде болған блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты полиция жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Блогер видеоүндеу жариялап, "Рояль" фитнес клубында ер адам – грек-рим күресінен чемпион, кәсіпқой балуан өзін бетінен бірнеше рет ұрғанын, қазір оның тарапынан қоқан-лоқы көріп жатқанын айтты.

Әсел Асқар қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.

"Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы ("Ұрып-соғу") және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды", деп хабарлады ведомстводан.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.

"Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында", деп атап өтті Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу